Экология
Экологиялық жағдай тақырыбы жалпы Атырау облысы үшін де, сондай-ақ Жайық өзені үшін де өте өзекті болып табылады. Облыстың экожүйелеріне әсерін тигізіп жатқан үдемелі техногендік әсер біздің алдымызға порт аумағында қызметімізді жүзеге асырған кезде табиғатты қорғау іс-шараларын әзірлеу мен оларды іске асыру бойынша міндеттер қояды.
Табиғатты қорғау, экологиялық қауіпсіздік, топырақ жамылғысын және Жайық өзені суларын қорғау проблемалары біз үшін бірінші орында тұрады, себебі табиғи ортасы мен биоәртүрлілігін сақтамай, аймақтың кеме қатынасын дамыту мен қолдау мүмкін емес.
2011 жылы өзен порты иелерінің бастамасы бойынша, олардың меншікті қаражаты есебінен, Атырау қ. әкімдігінің қолдауымен өзен портының айлақтық қабырғаларымен іргелес Жайық өзені айдынынан суға батып кеткен жеті кеме шығарылды, бұл су көлігінің белгілі учаскемен жүруін қауіпсіздендіру және жақсартумен қатар, экологиялық қауіпті төмендетуге де ықпалын тигізді.
Жыл сайын өзен порты аумағы мен оның айналасындағы аумақты көгалдандыру (гүлзарлар, ағашты-бұталы көшеттер отырғызу) жұмыстары жүргізіліп тұрады.
Сонымен қатар, көктемгі-жазғы маусымда шаң басу жұмыстары да көзделген.
Порт топырағының ластануына жол бермеу мақсатында өндіріс жұмыстары жүргізілетін учаскелердегі топырақ жамылғысын оқшаулау шаралары алынған.
Жүйелі түрде сенбіліктер жүргізіліп тұрады, өндіріс және тұтыну қалдықтарды уақытша сақтау алаңшалары ұйымдастырылған.
Өзен порты басшылығы кеңейту және көбейту, сондай-ақ басқа да іс-шараларды жоспарлаған кезде өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, техногендік жүктеменің су, ауа бассейндерінің жағдайына және жалпы қоршаған ортаға ықтималды тәуекелдерін есептеу бойынша маңызды шешім қабылдады.
Біздің мақсатымыз бен артықшылығымыз Атырау өзен порты шегінде кез келген коммерциялық қызметтің экологиялық аспектілерін теңдестіру және порттың тауарларды қабылдау және жөнелту қабілетін жақсарту, өзен портын коммерциялық және логистикалық торап жасау, ал бұл өз кезегімен нәзік экожүйенің теңгерімін бұзбай, аймақтың экономикалық дамуына ықпалын тигізетін болады.
Біздің компания порттарды қайта құру жобаларын әзірлеу мен оларды жүзеге асыруда үлкен тәжірибесі бар серіктестерімен бірлесіп, өндіріс, порттың материалдық-техникалық потенциалы мен мүмкіндіктері саласында ноу-хаулар әзірлеу процесінде.