Порт инфрақұрылымын бұдан әрі дамыту мақсатында:
Батыс Қазақстанның, сондай-ақ каспиймаңы бассейніндегі көршілес мемлекеттердің индустриялық секторы ретінде экономиканың, бейінді өнеркәсіптің, сыртқы сауданың аймақтық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін металл конструкцияларды өндіру жөніндегі толымды зауыт салу;
Мемлекеттік теңіз шекарасы арқылы маусымдық өткізу пунктін ашу;
Жүк айналымның өткізу қабілетін арттыру үшін теміржол кірме жолдарын жетілдіру жоспарлануда.