Біздің қызметтеріміз

Атырау қаласының өзен порты келесі өндірістік қуаттарды жалға береді:


Жалпы ауданы: 1 229 шаршы метр.
3 қабат, 100 орындық жабдықталған асхана, барлық коммуникациялар бар.

Жалпы ауданы: 258 шаршы метр.
2 қабат, барлық коммуникациялар бар.

Жалпы ауданы: 700 шаршы метр.
2 қабат, барлық коммуникациялар бар.

Жалпы ауданы: 1155шаршы метр.
Жүк көтергіштігі 5 тонна көпірлі кран.

Жалпы ауданы: 450 шаршы метр.

Жалпы ауданы: 131 шаршы метр.
Киім шешетін бөлме, тынығу ғимараты мен әжетхана бөлмелері. Барлығы 5 ғимарат.

Мем. стандартқа сәйкес келеді (ҚР министрлігінің 20.02.2015ж. №10303 бұйрығы)

Жалпы ауданы: 31 500 шаршы метр..
Алаңша жүктерді қоймалау, ірі габаритті модульдер мен конструкцияларды құрастыру бойынша кез келген жұмыстарды жүргізу үшін ыңғайлы

Айлақ жүк көтергіштігі 16 тонна (ұзындығы 32 м. жебесінің кез келген шығымымен) порталды кранмен жабдықталған. Осы кран коммерциялық айлақтың шегінде жүктерді кемелерден құрлыққа және кері кемелерге ауыстырып тиеу жөніндегі жүк операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Ұзындығы 110,4 м. тиеу айлағы ірі габаритті және ірі тоннажды жүктерді ауыстырып тиеуге арналады. Тиеу айлағының маңайындағы аумақ ауданы 1 257 шаршы метр, үлкен әрі ауыр жүкті жүк көтергіш крандардың жұмысына арналған күшейтілген темірбетон платформамен, сонымен қатар ауданы 3 830 шаршы метр жүктерді ауыстырып тиеуге арналған темірбетон алаңшамен жабдықталған.
Ұзындығы 99 м. коммерциялық айлақ халық шаруашылығы жүктерін тасымалдаумен айналысатын кемелерге арналады. Коммерциялық айлаққа жалпы ауданы 3036 шаршы метр аэродромдық плиталардан құрастырылған технологиялық алаңша жалғасады, ол құрлықта кез келген көлік операцияларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Сіздерге білікті және кәсіби:

  • Ілушілер
  • Электромонтерлар
  • Жүк жұмыстары жөніндегі супервайзерлер
  • Докер-механизаторлар қызмет көрсетеді.