Атырау өзен портының қысқаша тарихы

1916 жылы Гурьев пен Орал қалаларының арасында тұрақты өзен қатынасы ашылды.

1926 жылы Жайық өзенінің оң жақ жағасындағы Гурьев қаласында өзен порты ашылды, ал 1927 жылғы навигациядан бастап Орал-Гурьев-Орал учаскесінде тұрақты өзен тасымалдары басталды.

1929 жылғы 1 шілдеде өзен портының негізінде Мемлекеттік Каспий кеме шаруашылығының Гурьев теңіз агенттігі ұйымдастырылды.

1931 жылғы 5 ақпанда Жайық-Каспий кеме шаруашылығының Гурьев басқармасы ұйымдастырылды.

1964 жылы Гурьев өзен порты Жайық кеме шаруашылығынан бөлініп, жеке кәсіпорын болып, жүк көтеру техникасымен жабдықталып бастады.

1992 жылы Гурьев өзен порты «Атырауөзенпорты» АҚ қайта құрылды.

2008 жылы акционерлік қоғамда миноритарлық акционерлер ауысып, портты жаңғырту және оның инфрақұрылымын жабдықтау жұмыстары басталды.

2009-2010 жылдары порт қуаттары толықтай қайта құрылды. Айлақ қабырғалары, инфрақұрылым объектілері, көмекші құрылыстар мен ғимараттар қайта салынып, тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері толықтай жаңартылды.

2011 жылы «Атырауөзенпорты» АҚ мен Консорциум «ISKER» ЖШС меншікті қаражаты есебінен, жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен порттың айлақтық қабырғаларымен іргелес Жайық өзені айдынынан суға батып кеткен 7 кеме шығарылды, бұл Жайық өзенімен кеме қатынасты жақсартумен қатар, Жайық өзені айдынындағы экологиялық қауіпті төмендетуге де ықпалын тигізді.


Порт жұмысының нәтижелері бойынша 2011 жылғы навигацияда әр түрлі санатты 19 кемемен келген 6733 тонна жүк ауыстырылып тиелді. Қайта құрылған соң өз жұмысын қайта жалғастырғаннан кейін порт, Консорциум «ISKER» ЖШС және оның серіктестерімен бірлесіп, Қашаған мұнай кен орнындағы теңіз кешені үшін 12 модульды ғимаратты жасау, құрастыру және жеткізу бойынша келісімшартты аяқтады. Осы жобаның нәтижелері бойынша жалпы салмағы 1893 тонна ірі габаритті модульдер 6 өздігінен жүрмейтін баржалармен порт айлағынан Қашаған кен орнындағы «Д» аралына тиеліп жөнелтілді. Осы жылдан бастап Қашаған кен орнындағы жасанды аралдарда құрылыс және орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатырған Аджип компаниясының мердігерлері үшін тұрақты негізде материалдар мен құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары жүргізіліп басталды. Жыл ішінде 9 баржамен жалпы салмағы 2 294 тонна материалдар мен құрал-жабдықтар жеткізілді. Аталған жылдың мамыр айында «Омский-105» құрғақ жүк таситын кемемен Атырау портына Атырау ЖЭО қуаттарын кеңейтуге арналған жалпы салмағы 656 тонна ірі габаритті технологиялық жабдықтар мен турбиналар жеткізілді. Осы жеткізіліммен Еділ-Дон каналы бойынша ҚР шегінен тыс келетін жүктерді ауыстырып тиеу бойынша жұмыстар басталды. Сонымен қатар, порттың ірі мұнай компанияларының тендерлері мен халықаралық су көлігі тасымалдаулары бойынша жобаларға қатысуы жөніндегі жұмыстар да жалғастырылуда. 2011 жылғы тамызда Пундж Ллойд компаниясының жалпы салмағы 913 тонна арнайы техника мен жабдықтары тиелген өзен-теңіз класты «Пропус» құрғақ жүк таситын кемені экспорттық жөнелту жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, 2011 жылы АМӨЗ-де хош иісті көмірсутек өндірісі кешені құрылысы жобасын жүргізіп жатырған Синопек Инжиниринг қытай компаниясы үшін 573 тонна ірі габаритті және ірі тоннажды жүктер – ретификациялық колонналар тиелген екі өздігінен жүрмейтін баржаны қабылдау жұмыстары жүргізілді.

Порт жұмысының нәтижелері бойынша 2012 жылғы навигацияда әр түрлі санатты 48 кемемен келген 13 897 тонна жүк ауыстырылып тиелді. Қашаған кен орнындағы жасанды аралдарда құрылыс және орналастыру жұмыстарын жүргізіп жатырған Аджип компаниясының мердігерлері үшін тұрақты негізде материалдар мен құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстары жалғастырылды. Алдыңғы жылға қарағанда 2012 жылы жүктер екі жақ бағытта реверсивті режимде тасымалданып бастады. Жыл ішінде 40 өздігінен жүрмейтін баржалармен жалпы салмағы 8 468 тонна материалдар мен құрал-жабдықтар жеткізілді. Маусым айында М-43 өздігінен жүрмейтін баржамен Атырау портына Атырау ЖЭО қуаттарын кеңейтуге арналған жалпы салмағы 557 тонна ірі габаритті технологиялық жабдықтар мен турбиналар жеткізілді. Синопек Инжиниринг қытай компаниясының атына келген ірі габаритті және ірі тоннажды жүктерді қабылдау жұмыстары қайта жалғастырылды. Тамыз айында жалпы салмағы 242 тонна жүк - жылу алмастырғыштар тиелген «Дмитрий Егоров» атты құрғақ жүк таситын кеме қабылданды. 2012 жылғы қазан-қараша айлары ішінде порт айлақтары арқылы 6 өздігінен жүрмейтін кемелермен Атырау... қайта құруға арналған 4 629 тонна ірі габаритті және ірі тоннажды жүктер ауыстырылып тиелді.

Порт жұмысының нәтижелері бойынша 2013 жылғы навигацияда Қашаған кен орнындағы «Д» жасанды аралындағы жұмыстарды сервистік қолдау үшін Аджип компаниясының өтінімдері бойынша жабдықтар, материалдар және қалдықтар тиелген 58 өздігінен жүрмейтін баржалармен келген 13 897 тонна жүк ауыстырылып тиелді.
2013 жыл ішінде басқа жүк алушылардың атына жүктер келген жоқ.

Порт жұмысының нәтижелері бойынша 2014 жылғы навигацияда Қашаған кен орнындағы «Д» жасанды аралындағы жұмыстарды сервистік қолдау үшін Аджип компаниясының өтінімдері бойынша жабдықтар, материалдар және қалдықтар тиелген 19 өздігінен жүрмейтін баржалармен келген 3233 тонна жүк ауыстырылып тиелді.
Мамыр айында АРК-8 өздігінен жүрмейтін баржамен Атырау портына BATYS POWER (Орал) қуаттарын күшейтуге арналған жалпы салмағы 745 тонна ірі габаритті технологиялық жабдықтар мен турбиналар жеткізілді. Осы баржадан салмағы 383 тонна габаритті емес жүктің бір бөлігі кейін 901 типті өзен баржасына ауыстырылып тиеліп, Жайық өзенімен Орал қаласына жөнелтілді.
Синопек Инжиниринг қытай компаниясының атына келген ірі габаритті және ірі тоннажды жүктерді қабылдау жұмыстары қайта жалғастырылды. Қараша айында АРК-1 баржасы қабылданды. Сондай-ақ, осы айда порт алғашқы рет ТШО атына келген жалпы салмағы 631 тонна жүгі бар 3610 баржасын қабылдады.