Еңбекті қорғау

Қызметкерлердің қауіпсіздігі - «Атырауөзенпорты» ЖШС компаниясы үшін ең жоғары артықшылық болып саналады. Өз қызметкерлеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз жұмыстарды ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарына, сондай-ақ порт қызметі саласындағы ең үздік әлемдік тәжірибелерге қатаң сәйкестікте жүргіземіз.

Біз әркімнің де қауіпсіз және денсаулығы үшін зиянсыз жағдайларда жұмыс жасауға құқығы бар деп есептейміз. Осыған байланысты компания басшылығы өз қызметін жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін қауіпті факторлар мен тәуекелдерді бақылауға алуды өз міндетіне алады.

Қызметкерлерді оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Біздің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету саласындағы жұмыс жоспарларымыз компанияның тікелей өз қызметкерлеріне де, сондай-ақ бірлескен қызметке тартылған біздің тапсырыс берушілеріміз бен жеткізушілерімізге де таратылады.

Біздің мақсатымыз – жарақаттану мен қоршаған ортаға әсер етудің нөлдік көрсеткішіне тырысу ғана емес, сонымен қатар қызметімізді жазатайым оқиғалардың пайда болу мүмкіндігін мүлдем болдырмайтындай етіп жүзеге асыруды қамтамасыз ету.